jarkent_oneri@mail.ru

БАС РЕДАКТОР

Бағдат Бейсенқызы Айтмұқаева фотосы
Бағдат Бейсенқызы Айтмұқаева
Бағдат Бейсенқызы АЙТМҰҚАЕВА Панфилов ауданы, Үшарал ауылында туған.
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік Ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. Облыстық «Жерұйық», «Жетісу» газеттерінде қызмет істеген.
1998 жылдан Панфилов аудандық «Жаркент өңірі» газетінің директор-бас редакторы, жоғары санатты журналист. 1986 жылғы «Желтоқсан оқиғасына» қатысушы.
2001 жылы Президент жанындағы Ұлттық отбасы және әйелдер істері жөніндегі комиссия өткізген «Мекеме, ұжым, кәсіпорындарды басқаратын ең озат басшы әйел» атты байқаудың Дипломымен марапатталған.Сондай-ақ 2001 жылы «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» мерекелік медалінің иегері. Бірнеше Құрмет грамотасымен марапатталған. 1986 жылғы желтоқсан оқиғасына қатысушы.
«Үкілі үміт үлпілдеп», «Балдырғанға базарлық», «Балдәурен» , «Піл мен кірпі», «Сағыныш самалы», «Мен мектепке барамын», «Тағдырға менің өкпем жоқ, «Саусағымның салынбаған жүзігі», «Біз бақытты баламыз», «Өмір думан, дүние жалған» «Сезім гүлі», «Алтын сандық», «Ойыншықтар әлемінде», «Қар үстінде гүл жатыр» , «Түн жақсы жалғыз қалып жылағанған», «Әйел әлемі», «Шырағың сөнбесін», «Қызыл көйлекті қыз», «Арай» балдырғандар шаттығы», «Әріптер әлемі», «Кел, ойнайық», «Өмір өткелдері», «Көктемдегі қоңыр мұң», «Бала тілі- бал», «Кел, ойнайық», «Балабақша біздің үй», «Арай-балдырғандар әлемі», «Біз бақытты баламыз», «Құлыншақ», «Әріптер әлемі», «Бөбек әлемі», «Балаларға байғазы» атты кітаптардың авторы. «Жетісу жауқазындары» және «Жыр өңірі- Жаркент» атты кітапқа жыр жинақтары енген.
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі.
2005 жылғы «Жазушы, сыншы Сағат Әшімбаев атындағы сыйлықтың лауреаты.
2006 жылы облыс әкімінің «Құрмет грамотасымен» марапатталған.
2006 жылы желтоқсанда облыс бойынша Алматы облысы әкімінің жүлдесін иеленіп, «Ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуына ақпараттық қолдау көрсету» номинациясы бойынша екінші орынды жеңіп алды. Қазақстан Журналистері IV Конгресінің делегаты; Қазақстан Республикасы «Нұр Отан» ХДП-сы Алматы облысы, Панфилов аудандық филиалының жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Қоғамдық Кеңес мүшесі. 2011 жылы Қазақстан Журналистер Одағының «Дипломымен» және облыс әкімінің «Құрмет грамотасымен» марапатталған. Облыстағы ақпараттық саясат саласындағы қоғамдық-саяси тұрақтылықты насихаттау мен демократиялық үрдістерді дамыту жөніндегі белсенді, әрі өнегелі қызмет үшін Алматы облысы әкімінің «Құрмет грамотасымен» марапатталған.
2011 жылдың желтоқсанында Алматы облыстық әкімінің журналистер арасында өткізген байқауында «Үздік шығармашылық ізденісі үшін» номинациясы бойынша I-ші орын алып, облыс әкімінің «Алғыс хатына» ие болды. 2014 жылы тілді насихаттаудағы үздік мақаласы үшін Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының дипломымен марапатталды.
2016 жылы «ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына» мерекелік медалі, «Желтоқсанның 30 жылдығына» арналған мерекелік медальмен марапатталды.
ҚР Халықтары Ассамблеясының «Дипломымен» марапатталған.
Алматы облысы жариялаған журналистер арасындағы байқауда бірнеше рет жүлделі орындарға ие болды.
Есімі «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қазақстанның 100 жаңа есімі жобасына ұсынылған.
  1. 2017.жылы Мемлекет басшысының Жарлығымен «Шапағат» медалімен марапатталды.
2021 жылы «Ақпарат саласының үздігі» мемлекеттік наградасымен марапатталды.
Панфилов ауданының «Құрметті азаматы»
Панфилов аудандық мәслихатының VII шақырылған депутаты.
Республикалық журналистер арасында өткен байқау қортындысы бойынша 2022 жылдың «Жыл үздігі» номинациясын жеңіп алған.
27.07.2022 жыл «Бейбітшілік әлемі» Халықаралық Қазақ творчестволық Бірлестігінің «Алтын қыран» медалінің иегері.

Made on
Tilda